МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ ЖАҢҒЫРТУ — МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Елбасы 2017 жылы 3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, конституциялық түзетулерді талқылау нәтижелерін баяндады: халық өз сөзін айтты, осылайша мемлекеттік билікті жаңғыртуға қолдау білдірді.

2007 жылғы реформамен салыстырғанда бұл – саяси жаңғырудың барынша күрделі кезеңі. Біріншіден, жаңа заң Парламенттің мемлекеттік істердегі және Үкіметті жасақтаудағы рөлін барынша күшейтті. Екіншіден, Парламентке экономиканы басқару өкілеттілігі берілген соң, оның дербестігі артты. Үшіншіден, құқық қорғау және сот жүйесінің конституциялық негізі жаңғыртылды. Төртіншіден, конституциялық бақылау жүйесі нығайды. Бесіншіден, басқару формасының тәуелсіздігіне, біртұтастығына, аймақтық тұтастығына конституциялық кепілдік берілді.

Жаңа Конституцияда алғаш рет Парламенттің «заң шығарушы билікті» (49 бап) жүзеге асыратыны тұжырымдалды. Осылайша, президенттің құзырынан заңдар, заң күші бар жарлықтар шығару алынып тасталды, Үкімет пен Премьер-министрдің актілерінің күшін жою және тоқтату құқығы жойылды.

Конституциядағы өзгерістер тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан және өзін толығымен ақтаған күшті мемлекеттік вертикальды әлсіреткен жоқ.
Билік тармақтары дербестігінің артуы, жауапкершілік пен кесіп-пішілген теңгерім мемлекеттік вертикальдың «діңін» одан әрі бекіте түсті. Сонымен қатар, Парламент өкілеттілігінің кеңеюі – саяси партиялардың жаңа мүмкіндігін молайта түсті.
2017 жылдың 6 наурызында Парламент Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 26 түзетуін қабылдады, ал 10 наурызда «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Жаңа өзгерістердің арқасында саяси жүйе демократияландырудың биік белестеріне көтеріледі. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының негізгі іргетасы – басқарудың президенттік формасы болып қала береді. Билік барынша теңгерімді, икемді және тиімді бола түседі.

Халықаралық құрылымдар, соның ішінде, Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы Қазақстандағы конституциялық реформаны жоғары бағалап, мемлекеттің либералдану үдерісіндегі және елдің саяси дамуындағы
маңызды қадам деп атады.