ҚАЗАҚТЫҢ МАЛ — ЫРЫСЫ, МАЛЫ — БАҒЫ

 Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 5 жыл ішінде 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есе ұлғайтуды мақсат еткен «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

Еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға 2015 жылғы 1,2 млн. теңгеден 2021 жылға қарай 3,7 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ өңделген өнім экспортын 2015 жылғы 945,1 млн. АҚШ долларынан 2021 жылы 2 400 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту жолымен АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Міндеттері:

1) Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК субъектілеріне салық салудың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету;

3) Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;  

4) Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;

5) Өткізу нарықтарының қолжетімділігін және экспортты дамытуды қамтамасыз ету;

6) Аграрлық ғылымды, технологиялар трансфертін және АӨК субъектілері құзыретінің деңгейін дамытуды қамтамасыз ету;

7) АӨК-дегі өндірісті техникалық жарақтау және қарқындату деңгейін арттыру;

8) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және АӨК-ге цифрлық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;

9) Ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру жағдайына қанағаттануы деңгейін арттыру.

Қазақтың дархан даласында бүгінде күнделікті тұтынатын ауыл шаруашылығы өнімінің 25 түрі өндіріледі. Алдағы уақытта импортталатын тауарлардың санын азайту бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.