ОТЫЗДЫҚТАН ОРЫН АЛЫП БЕРЕТІН «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында. «…Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын…»,-деген еді.

2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты — орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.  

Бағдарламаның міндеттері: Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру; Көлікті және логистиканы цифрландыру; Ауыл шаруашылығын цифрландыру; Электрондық сауданы дамыту; Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту; Мемлекет – азаматтарға; Мемлекет – бизнеске; Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру; «Ақылды» қалалар; Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту; АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру; Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау); Инновациялық даму алаңдарын қолдау; Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту; «Венчурлік» қаржыландыруды тарту; Инновацияға сұраныс қалыптастыру.

Осы бағдарламаның басым бағыттары орнықты орындалған кезде ғана Қазақстан экономикасы дамыған әлем елдерінің көшіне ілесіп, ақпараттық саланың тың жетістігін пайдаланатын болады.