ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН: ASHYQ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ САНЫ 8 547-ГЕ ЖЕТТІ

Қалада соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады. Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары аймаққа» енді.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізілуде. Егу науқаны басталғалы барлығы 477 496 адам вакциналанды. Оның ішінде 392 630 адам екпенің екі компонентін алды.

Бүгінде медициналық қызметкерлерді вакциналау 100 пайыз, құқық қорғау қызметкерлерін 100, мұғалімдер 183, созылмалы аурулары бар азаматтар 95, студенттерді вакциналау 109 пайызға орындалды. Азаматтарға вакцинаның Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде.

Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істейді. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілген болатын. Шаһарда ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8 547-ге жетті. Қазіргі кезде 521 тұрғыннан «сары» статус, 1310 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр.

Сондай-ақ, бүгінге дейін барлық аудан бойынша 35356 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2417 карантиндік талаптарды бұзу фактілері тіркелді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі