ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: ЗАҢ ҮСТЕМДІК ЕТКЕН ҚОҒАМ ҚҰРЫЛДЫ

Тәуелсіздік — халық пен елдің басты құндылығы. Ол ел дамуының әлеуметтік-экономикалық жолын, оның ішкі және сыртқы саясатын дербес айқындауға, өзінің нышандары – мемлекеттіліктің өзіндік ерекшелігін білдіретін ерекше атрибуттары болуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік — бұл елдің басқа мемлекеттердің қатарында лайықты орын алу құқығы. Тәуелсіздік ұлттық жаңғыру перспективаларын ашты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен түрлі этностық топтар үшін тең мүмкіндіктер мен кеңістікті қамтамасыз ететін берік, тұрақты және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құрылды. Елде жалпы ішкі өнімнің өсуінің жоғары қарқынын және адами капиталдың даму индексін арттыруды қамтамасыз ететін іргелі экономикалық қайта құрулар жүргізілді.

Егемен Қазақстанның Конституциясын қабылданды. Негізгі Заңның қабылдануымен құқықтық жүйенің жоғары құндылық ретінде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын тануға кепілдеме болды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кемеңгер ел басқарушы ретінде өзінің асқан көрегендігімен тәуелсіз Қазақ елінің келешегіне жол ашатын аса маңызды, басты құжаттың дер кезінде даярлануына, қабылданып, одан әрі бүгінгідей елдің дамуына заңи негіз салатын алтын діңгекке айналуына тікелей күш салды. Мемлекет өмірінде барлық құқықтық қатынастардың қалыпты іске асуына ықпал ететін, барлық мемлекеттік құрылымның бойына қан жүгіртіп, қуат беретін Ата заңның пәрмені жайлы көп айтылып жүр. Қай қоғамда болса да заң үстемдігінің орнауы тікелей осы басты құжаттың атқаратын рөліне байланысты екені даусыз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жас мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы үшін барлық талаптарға жауап беретін, ел мүддесі үшін шынайы қолдауды жүзеге асыруға мүмкіндігі мол, өміршең, сонымен қатар өзіндік даму жолына түскен мемлекетпен бірге дамитын осындай Ата заң қажет болды.

Шындығын айтқанда, тарихи көзқараспен алсақ та, ұлттық менталитет тұрғысынан қарасақ та, Ата заңымыз бүгінгі қоғамның дамуына толыққанды жауап беріп қана қоймай, кәсіби мемлекет болып қалыптасуына бірден-бір негіз бола алды.