ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН КЕЛГЕН ТЫНЫШТЫҚ

Менің түсінуімше, Тәуелсіздік елдің сыртқы факторлардың әсеріне ұшырамай, әрине, басқа мемлекеттермен ынтымақтастықты сақтай отырып дами алатындығын білдіреді. Тәуелсіздік дегеніміз-ел өзіне қажет нәрсенің бәрін қамтамасыз ете алады.

Егер біз енді ғана тәуелсіздік алған күндерді салыстыратын болсақ, онда бұның айырмашылығы аспан мен жердей. Өткен ғасырдың 90-жылдарында толық қайта құрылып жатқан мемлекет, жетіспеушілік пен тоқырау болып жатты. Адамдар ары қарай қалай болар екен деп алаңдады. Ал, қазіргі тұрақты экономикасы бар, дамушы Қазақстанда өскен жастар болашақты айқын көреді, оны тыныш жоспарлай алады және ең бастысы өз жоспарларын жүзеге асыра алады. Бұл өзгерістер өте үлкен күш-жігермен келді. Мен өзім Тәуелсіздігіміздің құрдасымын, еркін елде өстім. Ел маған үлкен мүмкіндіктер беретінін түсінемін. Болашақ ұрпақ менен де сенімді болады деп ойлаймын.

Мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтаймын. Әр қазақстандық өз отбасында жайлы да бақытты өмір сүрсін дегім келеді.

А.АСҚАР