ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМДІ ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ШЫҒАРҒАН 10 ЖЕТІСТІК

Тәуелсіздік кезеңіндегі Білім және ғылым жүйесіндегі маңызды жетістіктердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: 1)білім беру жүйесінің ұлттық моделін құру және қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымын білім берудің халықаралық стандартына сәйкестендіру; 2) заңнамалық базаны, білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін реформалау – «жоғары білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1993 жыл), Қазақстан Республикасының Жоғары білім берудің мемлекеттік стандарты (1994 жыл), білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы (1995 жыл) және білім берудің барлық деңгейлерінің мәртебесі мен мазмұнын айқындайтын егемен елдің басқа да құжаттары қабылданды;

3) балаларды мектепке дейінгі біліммен жалпы қамту коэффициентінің прогресі және жеке мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің өсуі; 4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, сондай-ақ сөйлеу, зерде, эмоциялық-ерік саласы бұзылған және басқа да даму ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

5) мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту: қазақ тілінде оқытатын балабақшалар мен мектептер желісін үнемі кеңейту; қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде 2008 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу бағдарламасының міндетті пәндер тізбесіне енгізілді. 6) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық азаматтар үшін жалпы орта білім берудің кепілділігі, тегіндігі және міндеттілігі (1995 жылғы 30 тамыз); 7) оқу және білім беру бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтарын әзірлеу, ұлттық мемстандарттарды енгізу;

8) оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру, оқушылардың білімі мен педагогтердің қызметін бағалауға объективті өлшемшарттар мен тәсілдерді енгізу арқылы мектептердегі білім сапасын арттыру; 9) мектептегі білім беруді дамыту үшін институционалдық негіз құру: жаңа үлгідегі жалпы білім беретін мекемелер (гимназиялар мен лицейлер) желісін дамыту, Назарбаев Зияткерлік мектептері, жалпы орта білім берудің мазмұнын ақпараттандыру және жаңарту; 10) жетістіктерді бағалаудың және мектеп түлектерін қабылдаудың әмбебап құралы ретінде Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу;