ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Ірі деңгейдегі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі спорттық инфрақұрылымның дамуына оң әсер етті. Барлық әлемдік стандарттарға сай келетін бірқатар ірі кешендер салынды, олар — «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Астана Арена», «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені, «Барыс Арена» және «Алау» мұз айдындары, «Алматы арена» спорт сарайы, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені, «Бурабай» халықаралық шаңғы базасы, аты аңызға айналған қазақстандық палуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Қазақстан»жеңіл атлетикалық спорт кешені. Бұл нысандар барлық спортқа қызығушы жандардың жиі бас сұғатын нысандарына айналды.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша Тәуелсіздік жылдары барлығы 77 стадион, 38 спорт сарайы, 8 мыңға жуық спорт алаңы салынды және 2 мыңнан астам спорт залы құрылды. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі спортшыларға үлкен көңіл бөлінді. Республикада 13 спорт клубы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 3 мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын 5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі спортшылардың қатысуымен түрлі санаттағы тұлғалар үшін 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі. Ал 2018 жылы елордада Қазақстандағы алғашқы паралимпиадалық жаттығу орталығы ашылды.

Қазақстанда ұлттық рухты көтеретін спорт түрлеріне де көңіл бөлінуде. Мәселен, тәуелсіздік жылдары елімізде қазақтың ұлттық спортының 25-тен астам түрі жаңаша тыныс алды. «Қазақ күресі», «Саятшылық», «Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» сияқты жарыстар ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативтік тізіміне енді, ал «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі ұлттық брендке айналды.

Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін жаппай дамыту мақсатында бүгінгі таңда 8 мамандандырылған спорт клубы, 13 мамандандырылған спорт мектебі және 45 ипподром ашылды. Бұдан басқа, барлық білім беру мекемелерінде дене шынықтыру сабақтарында «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату»сияқты ұлттық спорт түрлерінің міндетті компонентін енгізу жүргізілуде.

Тәуелсіздік кезеңінде республикада кәсіби спортшыларды бастапқы кезеңнен бастап жоғары спорт шеберлігіне дейін даярлау жүйесі қалыптасты. Еліміз жарыстардың әртүрлі түрлері бойынша мыңдаған медальдарды жеңіп алды, ал дене шынықтыру және спорт саласы бүгінгі күні 5,9 миллионнан астам тұрғынды қамтитын перспективалы алаңдардың біріне айналды.