ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖЕҢІМПАЗ ҚЫЗДАРЫ

Қазақ елі тәуелсіздік алғалы ерлер құрамасымен қатар қыздардың да әлемдік аренада түрлі спорттық бәсекелерде жеңімпаз болып жүргені көңілге қуаныш сыйлайды. Соның бірі күні кеше ғана Испаия елінің Ситжес қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында шахматтан үздік атанды.

Жарысқа әлемнің 12 ең мықты әйелдер құрамасы қатысады: Америка, Әзірбайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Польша, ФШР (Ресей), Украина және Франция елдерінің құрамасы. Бірінші ойын күні Қазақстан құрамасы Германия және Грузия құрамаларымен екі кездесу өткізді. Ең мықты неміс шахматшысы, қыздар арасында екі дүркін әлем чемпионы Элизабет Петцке қарсы алғашқы тақтада Жансая Әбдімәлік ойнап, жеңіске жетті. Динара Сәдуақасова Жозефина Хайнеманнға қарсы ойында да командаға жеңіс әкелді. Германиямен өткен ойын 2,5:1,5 есебімен біздің шахматшыларымыздың пайдасына аяқталды. Екінші кездесу әйелдер шахматында өзінің керемет жетістіктерімен бүкіл әлемге танымал Грузия командасымен өтті. Жансая Әбдімәлік ФИДЕ рейтингі бойынша әлемнің ең мықты шахматшыларының ондығы қатарына кіретін супер гроссмейстер нано Дзагнидзені жеңіп алды. Алайда, Қазақстан-Грузия матчының есебі 2:2 тең болды.

Екінші ойын күні қазақстандық шахматшылардың Америка Құрама Штаттарына қарсы кездесуіндегі жеңісімен басталды. Қара фигуралармен ойнай отырып, Динара Сәдуақасова американ елдері чемпионаттарының шахматтан 2 дүркін жеңімпазы, арнгентиналық шахматшы Каролина Луханды жеңді. Осылайша, есеп 2,5:1,5 есебімен аяқталды. Төртінші турда біздің құрама белгілі шахматшылар, әйелдер арасында бірнеше дүркін Әлем чемпиондары — апалы-сіңлілер Музычуктен тұратын украин командасына жол берді. Бұл кездесуде Меруерт Камалиденова тәжірибелі шахматшы, халықаралық гроссмейстер атағының иегері Анна Ушенинаны жеңіп алды. Қазақстан-Украина матчының есебі 1,5:2,5, украиналық спортшылардың пайдасына. Іріктеу кезеңінің соңғы турында қазақстандық шахматшылар Польша құрамасына қарсы сенімді әрі әдемі ойынын көрсетті. Гүлмира Дәулетова жасөспірімдер арасында Польша чемпионы, Халықаралық әйелдер шебері Анна Кубичканы жеңіп алды. Матч қорытындысы 3,5: 1,5 Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.