ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ — ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ТАҢДАУЫ

Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Тұңғыш Президент күні — ұлтымыздың ұлы таңдауы. 2011 жылы 10 желтоқсанда Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданған болатын. Нәтижесінде 2012 жылдан бастап бұл күн елімізде ресми мерекелердің қатарына енді. 1 желтоқсанның Тұңғыш Президент күні ретінде белгіленуі тегін емес еді. Жоғарыда аталған заң жобасын қабылдау барысында сол кездегі Сенат спикері Қайрат Мəми: «Тəуелсіздіктің қайнар көзі 1991 жылы 1 желтоқсан да еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау нəтижесінде өзінің Тұңғыш Президентін сайлап алғаннан басталған болатын. Сондықтан да бүгін Қазақстан Республикасы өзінің Тұңғыш Президентін сайлаған күн – мемлекеттік мереке күні болып бекітілді. Бұл шешім арқылы біз Елбасы Н.Назарбаевтың ұлы тұлға екеніне, көреген кемеңгерлігіне ғана тиісті баға беріп отырған жоқпыз. Осы шешім арқылы тəуелсіз Қазақстанның даму жолындағы президент институтының мəртебесіне жəне осыдан 20 жыл бұрынғы біздің халқымыздың президент институтының керектігін өзінің салиқалылығымен таңдағанына тиісті баға беріп отырмыз деп ойлаймын. Сондықтан да отандастарымыз осы шешімімізді, осы сыйды дұрыс қабылдайды деген сенімдемін», деп атап өткен-ді. Халқымыз да 1 желтоқсанның маңызы зор екенін терең түсінеді. Өйткені, бұл күні елдігін дəлелдеп Мемлекет басшысын таңдаған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлем тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы дүние жүзіне мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын нықтап, елімізді жоғары халықаралық деңгейге бастады.   

Елбасының қолдауымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып, стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, білікті саясаткерлігінің арқасында көпұлтты еліміз дамудың дара жолына түсті.

Қазіргі таңда мемлекетіміз бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын діңгегі болды. Мемлекетіміздің татулық пен ынтымақтың айнымас үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп  өз бағаларын  беруде.

Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалап: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Президентінің түркі әлеміндегі беделі биік, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды» деген болатын.  

Өткенге көз жүгіртсек, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлауда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Қазақстан халқының  98,78%-ы жақтап дауыс беріп, мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ Елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Атап айтсақ, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  ұсыныстары жаңа әлемдік тәртіпті орнықтырудың негізіне айналып, қазақ халқының мәртебесі жоғарылады. Әлем көшбасшылары  Қазақстан Президентінің сөзіне тоқтам жасап, шешімдерімен  санасатын болды. Қазақстандық даму жолы, көпқыр­лы сыртқы саясат, ядролық қарудан бас тарту, ұлтаралық келісім мен діни толеранттылық, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК сияқты ұйымдардың бойына қан жүгірту, ЕҚЫҰ, ОИС, ҰҚШҰ сынды іргелі ұйымдарға төрағалық етуі Н.Назарбаевтың  экономиканың даму үрдістерін тани білетін және ондағы Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер ғана емес, ғалым екендігін мойындады. Нарықтық қатынасқа бейімделген «Назарбаев моделін» жүзеге асырылып  Қазақстан дү­ниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан үш елдің қатарынан табылды. Сонымен қатар  Н.Назарбаев  «Болашақ» бағ­дар­ламасымен  жастарды шетелдің озық университеттеріне оқытып, Қазақстанға жаңа ойлау жүйесін алып келді, жаңа технологиялар игеріліліп Назарбаев ин­тел­лектуалдық мектептері, «На­зарбаев Университеті» талантты балаларға болашаққа айқын жол ашты.
Қазақстан — кемел ел, ынтымағы жарасқан тәуелсіз мемлекет. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — жаңа дәуірді таныған, бо­ла­шақты болжай алған ірі саясаткер, дара тұлға. 1991 жылғы 1желтоқсанда ұлы тұлға Н.Назарбаев үшін ұлы таңдауын жасаған Қазақстан халқы дамудың даңғыл жолына түсіп, қарыштап алға баса берсін, биік белестерден аса берсін!

ЕГЕУБАЕВА Айганым Шактаровна,

№69 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Шымкент қаласы