ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: AIR ASTANA — ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ҮЗДІК

Air Astana тоғызыншы рет Skytrax World Airline Awards рейтингінде Орталық Азиядағы ең үздік әуекомпания болып танылды. Әуекомпания Skytrax рейтингінің 2012-2019 жылдар аралығында алдыңғы марапаттарына ие болған. Өткен жылы Skytrax сыйлық бағдарламасы пандемияға байланысты тоқтатылды, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Skytrax жыл сайынғы зерттеуі әуе жолаушыларының қанағаттанушылығын өлшеу үшін жүргізіледі. 2019 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында 13 миллионнан астам жолаушыдан сауалнама алынды. Әуекомпаниялар қызметінің сапасын бағалау жерүсті және бортта қызмет көрсетудің бірқатар критерийі бойынша жүргізілді.