ТЕРЕҢНЕН ТАМЫР ТАРТҚАН ТӘУЕЛСІЗДІК

«Қазақ елі – өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел» — деген Ғабит Мүсіреповтің асыл сөздерінен  «қазақ»  этнонимі мен этносына тән ең бір ерекшелікті айқын аңғаруға болады. Сонау заманнан қалыптасқан халықтың қанша жүз ғасыр қиын-кескі заман өткергендігі бәрімізге дерлік тайға таңба басқандай айқын жеткізіліп, тарихта жазылып қалған. Қазақ хандығы құрылған қасиетті күнге дейін де, одан кейін де межелеген дәл осы «Тәуелсіздік» мәресіне жеткенше қан мен тер бірдей төгіліп, қилы заманды өткеруі бірімізге үлгі, бірімізге шеті-қиыры жоқ тарихтың түбі, тамыры.

Түркітілдес этностардың бір бөлігін құраған қазақтың қаны бойымызды шымырлатып, «тек алға» деп атой салатындай, тіпті. Керей мен Жәнібек бастап салып берген қасиетті жол мен бағыт, қазірде «Мәңгілік ел» болуымыздың бірден-бір әрі түпкі себебі.

Хандық құрылғаннан соң қазаққа қара бұлт үйірткен жоңғарлардың кесірі тым көп те еді. XVIII ғасырдың 23-25 жылдар аралығында «Елім-ай» деп зар илеген қара халық  «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның»  бір құрбанына айналып, Голощекиннің солақай, озбырлық саясатының да дәмін татып, аштықтан ішегі шырылдаған тар заманды да бастан өткерді. Атын естігенде денеге тітіркендіргіш реакциясын беретін сұм соғысты көрген қайыспас мықтыларым,  Ауғанның отты күндерін көріп, желтоқсанның өңменіңнен өтерлік суығы мен қанды дауылына да шыдап бақты. Қаншама еңбек, қаншама тер!  Азапты күндерді бастан өткерген халықтың «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға»  қол деткізуі хақ. Сондағы бір мақсат! Бір ғана мақсат-егемендік . Ұрпағының лақтырған тастан торғайларша үркуі емес,  «Міне, менмін қазақ» деп кеудесін қаға, еркін айтуында еді. 1991 жылы таралған жаңалық әр қазақ пен әрбір Қазақстандықтың құлағына майдай жақты емес пе? Жыл бойы емес, ғасыр бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізу-«Мәңгілік елдің» қирамас іргетасын қалап үлгергенді.

Мәңгілік ел — ол шексіз арман, бақытты балдырған шақ, тыныш орта, этнос, тарих, мәдениет, жайқалған қала, гүлденген ел, біртұтас халық пен берекелі шаңырақ, ата-баба сан мың жыл аңсаған қасиетті арман. ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев:«Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел»-деді.