«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Елбасы медалі» жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

«Елбасы медалі» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленіп, тәуелсіз мемлекетіміздің ерен еңбегімен байланысты.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау.

Шымкент қаласының 5 үздік қатысушылары Гүлнұр Өтебек, Малика Сахымбек, Лаура Бораш, Севара Султанмуратова және Сымбат Сайдулла “Елбасы медалі” жобасының қола медалімен марапатталады.

«“Nur Otan” партиясы әрқашан жалынды жастарды қолдайды» деді қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева өзінің фейсбук парақшасында.