ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ТІРЕГІМ

Пай!Пай!Пай! Киелі кеткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір – бір өпкен жер,
Сарылып сол – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер
– деп, ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай қазақ жері сан түрлі тылсым дүниелерге толы болып табылады.

Әр жеке ұлттың өз елі, туған жері бар. Менің туған елім – Қазақстан. Әр адамға өз туған жерінің көгінде нұр төгіп тұрған күні менен жарқылдаған айы, жалт – жұлт еткен жұлдызы мен жайқалған гүлі, шөбі шүйгін шалғыны, әсте — тегі аспанменен теңелген айнакөлі мен бір уыс топырағыда, бәрі – бәрі қымбат. Менің тірегім – Ол менің туған елім, себебі «Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл» болмайтыны айдан анық. Қазақтың кең – байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен болып табылады. Қасиетті қазақ жері – ата – бабаларымыздын даңқты тарихын атының тұяғымен жазық кеткен жер деп білемін.

Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Казақстан деп аталатын республиканың жербетіндебарлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз.
Ғасырлар бойы әділ хандарымыз, ер жүрек батырларымыз,өткір тілді ақындарымыз елін – жерін қорғап, халқының болашағы бұлдыр болмау үшін көп еңбек еттіп, тер төкті. Сондықтанда қазіргі кезде біздің болашағымыз ақ жарқын!

Әр адамның көкейінде «Мен елім үшін не істей аламын» деген сұрақ жиі туындайтын шығар! Адамзат баласы титтей болса да пайдалы нәрсе жасайтын болса өзіне де, қоғамға да жақсы болады. Мысалға мен оқушымын, егер де мен ата – анама көмектесіп, әрқашанда сабағымды жақсыоқып, халқыма қандай да бір қолымнан келетін жақсы, пайдалы жұмысты атқаратын болсам, оның өзі еліме деген титтей болса да қосқан үлесім деп білемін.

Жәмилә САДЫҚОВА