ТӘУЕЛСІЗДІК — БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бүгін өзімнің Қазақстаным туралы мақтанышпен көптеген жақсы сөздер жазғым келеді. Отанымның ең басты тағдыры тәуелсіздігі мен егемендігі! Ең біріншіден 1990 жылы Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. Екіншіден халыққа, елге өзінің егемендігін дәлелдеді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі қабылданды. Осы жылдан кейін Қазақстанды егеменді Республика деп атаған.25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің мемлекетіміздің құрметі және мақтанышы. Осы күнді «Республика күні» деп атаған. Үшінші қадам Қазақстанның жолында елбасының сайлауы болды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Бұл күн елдің тарихында ең басты оқиғаның бірі. Елбасы-халықтың сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лаузым иесі. Елбасының құқықтары мен міндеттері өте көп. Парламенттің келісімі мен Үкіметі басшысы Премьер-министрді тағайындайды.Біздің елбасымыздың арқасында біздің елімізде бейбітшілік, бірлік және амандық бар. 16 желтоқсан да 1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қабылданды. Биыл біздің еліміздің тәуелсіздігімізге 19 жыл толып жатыр. Осы жылға дейін ата-бабамыз көптеген қиыншылықтарды бастан кешкен.

 Мен тәуелсіз егемен елдің ертеңгі болашағына қол созған, асыл армандарымды көңілімнің көкжиегінде әлдилеген бүгінгі заман ұрпағымын!Мен керіліп жатқан кең даламның керуен көшіне өз тағдырымды қосақтап, бүгінде қойнауы құт-берекеге толы қазақ елін мақтан тұтар жас өренмін! Аспан болсаң, көтерілер іргемін, Шалқар болсаң,құятын бір жүлгемін. Мен дайынмын, ашылмаса бір кенің, О,туған ел, тағдырыңмен біргемін,-деп жерлесіміз Қадір Жүсіп жырлағандай,   менің балауса көңілім де, жұдырықтай жүрегім де «Елім, халқым, жерім» деп соғады.                                                                                                                     

Мен сан ғасыр бойы аты ауыздықпен су ішкен, етігімен қан кешкен батырлардың, аузы дуалы шешендердің, топ бастаған көсемдердің сара жолын жалғастырар тәуелсіз елдің ертеңімін! Мен үшін тәуелсіздік сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін, елімізді қатарға қосып,әлемдік қауымға ендіргені үшін қымбат!Ата-тарихымызды, ана тілімізді қаз-қаз тұрғызып «Қазақ»  деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін қымбат!   «Отан»,«Елім»,«Жерім» деп жүрегімді соқтырып, ата-жұртымды сүйдіргені үшін қымбат! Мен тәуелсіз егемен елдің ертеңімін, ал тәуелсіздік біздің жарқын болашағымыздың кепілі болмақ.