ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ЕСЕЛЕУШІ РЕСУРСТАР

«2050 Стратегиясының» басты міндеттерінің бірі – ел ресурстарын экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдылығы ретінде пайдалану. Бірінші кезекте бұл мұнай және газ өнеркәсібіне қатысты. Қазақстанның мұнай-газ кешені – елдің бүкіл экономикасының қозғаушы күші. Біз заманауи әрі тиімді мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі салаларын құрудамыз, ал шикізат секторының барлық табыстарын болашақтың экономикасын құру үшін пайдаланамыз. Бүгінгі күні елдің ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының тұрақты өсім қарқыны байқалады, ол 1997 жылы 3,7%-дан 2013 жылы 26,4%-ға дейін артты.

2013 жылы Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру 81,7 млн. тонна немесе 2012 жыл деңгейінің 103,2%-ы болды. Табиғи газ өндірісі 41,8 млрд. текше м (104%) құрады. Газды пайдаға асыру жөніндегі бағдарлама аясында 2006 жыл-дан 2013 жылға дейін жағылатын газ 70% төмендеді және 0,9 млрд. текше м болды. 2006 жылы жағылатын газ 3,1 млрд. текше м болған еді. Мұнай өндірісі бүгінгі күні Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылуда.

Газ конденсаты 4 облыста: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында өндіріледі. 6 облыста: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында табиғи газ сұйық немесе газ күйінде өндіріледі. Кәдімгі газ түріндегі табиғи газ – тауар ретінде 4 облыста: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыста-рында өндіріледі. КӨМІРСУТЕГІЛЕР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАР 2014 жылдың 1 қаңтарына шикі мұнай өндіретін 84 кәсіпорын және табиғи газды өндіретін 1 кәсіпорын тіркелген. Газды импорттауда тәуелділіктен құтылу үшін құбыр өткізгіш жүйесі және Қарашығанақ кенішіндегі газ өңдеу зауыты жо-баларын жүзеге асыра отырып, елімізді газбен қамтамасыз ету қажет.

2000 жылы біз металлургия өндірісіндегі үшінші, төртінші және бесінші қайта бөлістерді ұйымдастыруға және салаға ин-вестициялар тартуға ерекше назар аудардық. Сондай-ақ ин-дустрияландыру бағдарламасы (ҮИИДМБ) аясында бірқатар жобалар жоспарланды. Осы уақыт ішінде біз тау-кен метал-лургия саласын дамытумен айналысқан «Тау-Кен Самұрық» және елдегі геология саласын жандандыруға бағытталған «Қазгеология» компанияларын құрдық. Тау-кен металлургия саласының әлеуетін дұрыс іске қосу, болашақ нарықтық тауашаларды объективті түрде бағалау, шикізат және металл нарықтарын дамыту трендтерін болжау – кез келген ел үшін аса маңызды міндеттер.

Бүгінгі күні импорттың ең көп көлемі құбырларға, құбыршалар мен пішіндерге; қара металдан жасалған ме-талл құрылғылары мен олардың бөлшектеріне; темір немесе қоспасыз болаттан жасалған шыбықтар және қара металдан жасалатын басқа да бұйымдарға тиесілі. Тау-кен металлургия кешенінің сатып алынатын өнімдері құрылымында қосымша құны жоғары өнімдер басым келеді. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өнім өндіруге және карьерлерді зерттеуге (2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қолданыстағы бағалармен) 10976 млрд. теңге жұмсалды. Физикалық көлем индексі (бұдан әрі – ФКИ) осы уақыт аралығына 2012 жылмен салыстырғанда 103,1% болды. Металл кенін өндіру көлемі 786,2 млрд. теңге (ФКИ 106,8%) болды. 2013 жылы металлургия саласындағы өндіріс көлемі 1772,1 млрд. теңге, ФКИ есепті кезеңде және 2012 жылмен салыстырғанда 95,1% құрады.