ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛ ТҰҒЫРЫ

Еліміздің Тәуелсіздік бесігінде тербелгеніне жиырма сегіз жыл толды. Осы жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан шекаралы, өз алдына дербес, зайырлы мемлекет болумен қатар әлемнің бетке ұстар елдерімен терезесі тең болып, тіпті жаһанды мойындатуда. Егемендігіміз  ащы термен келген,тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жердің отымен келген ұлы күн. Қазақстан-ұлттың,тілдің,

дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы.

Қазақстан  Республикам мақтанышым,

Бір өзіңмен мақтанам,ақ таң үшін.

Жалындаған жас жігер бақта құсың

Тәуелсіздік тұғырың жастар үшін.

Тәуелсіздік асыл мұра ұрпаққа,

Мойымастан жете білген мұратқа.

Бабамыздан дарыған бұл қасиет,

Жеңіс деген қанға сіңген тұраққа — дегендей,Тәуелсіздік-арман! Жер бетінде қанша ұлт болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.Бабаларымыздың отымен,жастардың жалынымен ел үмітін ақтап, төбемізден көк жарқырады. Намысын бермеген, жасқанып көрмеген ата-бабамыз оқпен-оттың ортасында ұрандап отан үшін жан берісіп,жан алған.Тәуелсіздік — ол көк байрағымыз желбіреп, күніміз мейірім шуағын шашып, көздегі мөлдір жадырап, кең өлке сары далада қанатын кеңге жайып, қырандай ұшу.Тәуелсіздік — ол әрбір қазақтың жеңісі,сансыз байлығы, асыл мұрасы.

Ақбота САҒИТЖАН