ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАР АССАМБЛЕЯСЫ — ӘЛЕМГЕ ҮЛГІ

«Ассамблея – бүкіл азаматтардың бүкілхалықтық өкілдері мүдделерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы.»
Н.Ә. Назарбаев

Қазақстанда алғашқы этномәдени бірлестіктер 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында пайда бола бастады. 1992 жылы мен бірінші рет Қазақстанның барлық этностық топтарының мүдделері қорғалатын институт құру идеясын жария еттім. 1995 жылдың 1 наурызында ондай институт құрылды, ол – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Халық Ассамблеясы 130-дан астам этнос пен 17 конфессия өкілдері тұрып жатқан елдегі бейбітшілік пен келісім моделінің табысты жүзеге асырылуының үлгісі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЕҚЫҰ-ның жоғары бағасына ие болды. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы – жоғары мәртебеге ие конституциялық орган. Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі жоғары өкілетті орган – елдің Парламенті Мәжілісінде этностық топтардың мүдделеріне өкілдік ету. Ассамблея Парламент Мәжілісінің 9 депутатын сайлайды. Сондай-ақ өңірлік деңгейде кіші халық ассамблеялары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді
нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда «Қазақстан халқының Ассамблеясы» (ҚХА) құрылды. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Сонымен қатар 2015 жыл Астана Бейбітшілік пен Келісім қаласы атты ұранмен өтеді. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 сессиясында мәлімдеді.

Қазақтардың мәдени — этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40-тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара
түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы. Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді.