ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ: «ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН — ТӘУЕЛСІЗДІК»

Қасиетті қара шаңырақ Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай көркем еңбек, кәсіпкерлік және бизнес негіздері және музыка әдістеме бірлестігінің «Өнердің өзі – өмірдің қайнар көзі» атты апталығы аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Күлшат Досболованың ұйытқы болуымен 5 және 6 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылды.

Білім алушыларға Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін ұғындырып, туған жерге, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған байқаудың нәтижесінде жүлделі І орынды 5 «Е» сынып оқушысы Сатыбалдиева Ақжарқын, ІІ орынды 6 «А» сынып оқушысы Бекеш Нұргүл, жүлделі ІІІ орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Ғани Медина мен 5 «В» сынып оқушысы Тасболат Кәусар иеленді.