ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ НАЗАРБАЕВ САЯСАТЫ

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь мем­лекеттері бірлесе құрған Еуразиялық экономикалық одақ ресми түрде іске кірісті. Ұзақ уақыт бойы түрлі келіссөз арқылы әр елдің мүддесі ескерілген, Кеден одағынан бастау алған осынау құрылым кейін кеңейгені рас. Дәлірек айтқанда, 2015 жылы ЕАЭО-ға Қырғыз Республикасы мен Армения мүше болып кірді. Соңғысын мүше ретінде қабылдау процесі кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың көрегендігі тағы байқалған. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқықтық нормалардан ешқашан аттамайтынын, әр елдің аумақтық тұтастығын бұзуға барынша жол бермеуге тырысатынын сол жиында байқатқан. Арменияның ЕАЭО-ға Таулы Қарабақ аймағын қо­су­ды көздеген ұстанымына тосқауыл қойып, Армения БҰҰ-да танылған аума­ғы­мен ғана қосылатынын кесіп айтқан еді. Н.Назарбаевтың бұл ұстанымын күллі түркі жұрты, соның ішінде әзер­байжан халқы айрықша бағалады. Елба­сының «Түркі дүниесінің ақсақалы» атала бастаған кезі де сол тұс.

Айтпақшы, 2015 жылдың 24 қара­шасында Түркия әскери әуе күштерінің ұшақтары Ресейдің Сирияда орналас­қан әскери бөліміне тиесілі Су-25 ұшағын атып түсірген еді. Сөйтіп, Түркия мен Ресейдің арасы суып кеткен еді. Бір-біріне қарсы салған санкциялардан қарапайым адамдар, кәсіпкерлер айрықша зардап шеккені бар. Осынау қырғиқабақ кезеңде Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуіне алғышарттар жасап, кейін қос елдің татуласуына ықпал еткені бар.

Дереккөзі: https://aikyn.kz/162355/2015-zhyl-memlekettilik-tarihy-ulyktalgan-zhyl

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.