«ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ–2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ»

2014 жылы

17 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

«Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең да­мыған 30 мемлекеттің қатарына қо­сылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақ­стан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Бүгін мен осы дамыған
30 елдің қатарына кіру жоспа­рымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырым­дама жобасын жасады. Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсе­келестік жағдайында ілге­рілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қа­зірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағ­дайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. Әлемнің дамыған ел­дері соған сай нақты стратегия­ларын дайындап жатыр.

Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйы­мына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан аста­мын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Ре­сей және Оңтүстік Африка Респуб­ликасы үміткер болып отыр. Ұйым­ға мүше барлық ел терең жаң­ғыру жолынан өтті, инвес­тицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамы­тудың, халық өмірі стандарт­тары­ның жоғары көрсеткішіне ие бо­лып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдері­нің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемле­ке­ті­нің қатарына кіру жолындағы біз­дің базалық бағдарымыз осы», – деді Елбасы өз Жолдауында.

Бұл құжатта Нұрсұлтан Назар­баев экономиканың жоғары тех­нологиялық жаңа салаларын құру үшін ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін жеткізу қажеттігіне назар аудартып, Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызын айтты. Үкіметке жеті бағыт бойын­ша кеңауқымды міндеттер жүктеді. Бүгінде бұл міндеттер стратегиялық сабақтастықпен жүзеге асып келеді.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.