«НҰРЛЫ ЖОЛ — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»

2014 жылы 11 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің отырысында елдің жаңа экономи­калық саясаты негізінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жариялады.

«Біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз. Менің тап­сырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде алды­мыз­да тұрған сын-қатерлерге жа­уап бере отырып, мен Қазақстан­ның «Нұрлы Жол» жаңа экономи­ка­лық саясаты туралы жариялаймын.

Қазақстан – ұшқан құстың қа­наты талатын ұлан-ғайыр аумақ­тың иeci. Сондықтан аталған жос­пар орасан қаражат пен еңбекті, аса ау­қымды жұмысты қажет етеді. «Ел­дің өркенін білгің келсе, жо­лы­на қара» деген қағида қалып­тасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалалары­мыз­дың көбі Ұлы Жібек жолын жаға­лай қоныс тепкен. Қазір де қайна­ған тіршілік күре жолдардың бо­йында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық ай­мақ теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасам­паздық рухын тарататын өмір-та­мырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланы­сын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыс­тардың бip-бi­piмeн сауда-сатты­ғын, эконо­ми­калық байланыс­тарын нығай­тады. Ел ішінен тың нарықтар аша­ды. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ», – деп атап өтті.

Жолдау аясында Елбасы дағда­рысқа қарсы тұру жолдарын жария етіп, Үкіметке жеті тармақтан тұ­ра­тын тапсырма берді. Оның алғаш­қысы көліктік логистиканы дамы­туға арналған. Осы бағдар­лама аясында 22 тамызда Жез­қаз­ған – Бейнеу және Арқалық –Шұбаркөл теміржолдары пайда­лануға берілген болатын. Ал 3 желтоқсанда Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган (Қазақстан-Түркіменстан-Иран) теміржол желісі ресми түрде ашыл­ды. Бұл жол Қазақстанды Еуропаға 600 шақырымға жақындата түсті. Елбасы бұл жобалардың барлы­ғының ашылуына қатысты. Са­лынуы 2008 жылдан бастау алып, құрылысы таяуда ғана аяқталған халықаралық теміржол тарма­ғы­ның ашылу салтанаты Иран мен Түркіменстан шекарасында өткен болатын. Онда Елбасымен бірге Иран президенті Хасан Рухани, Түркіменстан президенті Гурбан­гулы Бердымұхамедов те болды.

Дереккөзі: https://aikyn.kz/162147/2014-zhyl-ykpaldastyk-yrgagynda

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.