ЖАСА, ТӘУЕЛСІЗДІГІМ!

Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ұлан-байтақ жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен толарсақтан қан кешіп қорғады, бізге аманат етті. Талай алпауыттардың боданында болған Қазақ Елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі оңай болған жоқ. Кеңес дәуірінің ықпалынан босап шығу, Мәңгілік тәуелсіздік тұғырына қону  1986 жылғы желтоқсан  оқиғасы себеп болды. Желтоқсанның  ызғарлы суығында жап-жас қазақ жастары қазықтай қадалып ел тәуелсіздігін талап етті. Ұлт үшін, болашақ үшін қыршын жандарын қиды. Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман-тілегі орындалды. Елімізде тәуелсіздік таңы атты. Батыр аға-апаларымыздың ерлігі тарихта алтын әріптермен жазылды. Осы жылдар ішінде Қазақстан талай белестен асты. Қазақстанды әлем таныды. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,  егемендігіміз баянды болсын деп тілеймін.

ҰЛБАЛА ЕРДӘУІТ,

4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ.