ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

13-20 қазан аралығында Словенияның Градец қаласында дзюдодан Еуропа кубогы бәсекесі өтті.

Бұл сында ҚР жасөспірімдер командасы 7 алтын, 10 күміс және 9 қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы аталған турнирде үздік нәтиже көрсетті.

Команда сапында Шымкент қаласының дзюдошылары 2 алтын жүлдені иеленді. Атап айтқанда, 55 келіде Талғат Орынбасар, 60 келіде Аян Байкенжиев алтын жүлдеге қол жеткізді.

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі