ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАС ҰРПАҚТЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ — БАСТЫ ПАРЫЗЫМЫЗ

Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

«Отан – отбасынан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп қабырғасынан да басталады. Ендеше,  жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу — басты парызымыз.

Мектептегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан азаматы.Тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы керек.

Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен -өзі ,не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы.

Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының 

Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі болуы, болашақ жастарға байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу.Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі. Ендеше, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға жұмыла атсалысайық!

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев патриотизмді «Әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау»- деп белгілеген.

Отан – патриоттық сезімнің қайнар көзі.

Патриоттық тәрбие — Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген адам санасында мәңгі өшпейтін ұғым.

Патриотизмді Қазақстандық патриотизм немесе Отансүйгіштік деп атайды. Оның мақсаты — Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат тек осы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу.

Өскелең ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды кез-келген жағдайда ерлік, отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жастардың ішкі жан дүниесі — ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана сезімін дамыту, «қазақ» деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну» — дегенді, біздің ұстанып отырған пікірлерімізді қуаттай түседі.

Жастардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көздеу  деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының саналы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз.

Патриоттық сана ұлттық және жалпы адамзаттың мүдделер тұрғысынан қарастырғанда Отанға деген көзқарас құндылықтарының жиынтығы болып табылады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп  тәрбиелеу – қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтықпен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі-тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Олай болса, Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртық және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, оқушылардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, даңқты қолбасшы, Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырған өсиеттері мен ерлікке толы шығармаларының орны ерекше.

Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі — қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез бен болмыс қалыптастыру, ізеттілік, құрметтеу, қайырымдылық, мейірімділік сынды сезімдерін дамытуы.

Өскелең ұрпақ — болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

Жас ұрпақты  патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің корытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің корытындыларына сүйене отырып, мектептегі патриотизмге тәрбиелеу — оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шешті. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірак ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке койып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып отыр. Патриоттық білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Өйткені оқушылардың мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.

Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты нысанасы — Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімнің негізі болады.

Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм — тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыкка шалуға дейін баруынан көрінеді.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жоспарға сай топта «Қазақстан, мәңгілік бағың жансын!», «Тәуелсіздік тірегі – төл теңге», «Біздің бір ғана Отанымыз — Қазақстан», т.б. тақырыптарында жүргізілген тәрбие сағаттары мен жыл сайын мектеп бойынша өткізілетін «Талантыңмен таныл» байқауы, «Тілі басқа, жүрегі бір» өнер фестивалі, патриоттық әндер мен көркем сөз оқу сайысы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеудің көзі.

Патриоттық сана — сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болады, мұндай іс-әрекет өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сипатталады.

 «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — Тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан – тәнімен сезінуі керек» — деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі партриоттық ұғымның, ел мен жердің бүтіндігін сақтау, халықтар достығы мен бірлігі екенін нақтылай түседі.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір — бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары  қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт.

Нуркеева Гульден Канатовна
Белое орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы