ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 ҮЙ

Бұған дейін сауапты істерімен түркістандықтардың алғысына бөленіп жүрген «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мұқтаж отбасыларға 30 үй ұранымен қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Атап айтсақ, қала тұрғыны 69 жастағы Бибажар Салаева үш немересімен бес бөлмелі заманауи үйге кіріп, қуанышқа бөленді.
Жаңа үйдің қоныс тойына қатысқан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, орынбасарлары Мұрат Ізтілеуов, Мұрат Қонақбаев, Түркістан қаласы «Бірлік» тұрғын үй алабы бойынша аталмыш ұйымның басшысы Тайыр Абдувалиевтер арманы орындалған мұқтаж отбасыға жаңа қоныс құтты болсын деген ізгі ниеттерін білдіріп, жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде Б.Салаевға тапсырды. Бас-аяғы бір жарым айдың ішінде құрылысы аяқталған құтты қоныс табиғи газ, үй жиһаздары, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, яғни барша керек жарақпен жабдықталған.
Шараға қатысқан «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қоры мүшелері Құрбанәлі Райымжанов, Анвар Хилветов, Фұрқат және Фархат Абдулатиповтер қысқа уақыт ішінде салынған үйге көмек қолын созған түркістандық қолы ашық жомарт кәсіпкерлерге алғысын жеткізді. Өз кезегінде Ж.Әзіретбергенов аталмыш қордың төрағасы Р.Қошқаровқа түркістандықтар атынан алғыс айтып, ел игілігі жолындағы атқарып отырған жұмыстарына сәттілік тіледі.

http://yassy-tur.kz/

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.