ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазан айының 22-24 аралығында Түркістан облысы, Түлкібас ауданында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан ашық жарыс өткізілді. Қатысушылар Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясының арнайы кубогі үшін тартысты.

Спорт сайысының мақсаты – егеменді еліміздің ұлтжанды ұрпағын тәрбиелеу, қазақтың ұлттық ойынын аудандар мен елді мекендер арасында дамыту.

— Зияткерлік ойын бәсекесінде он аудан және екі қаланың спортшылары өзара сынға түсті. Жарыс алты топта 12,16,17 жас ерекшелігімен  қыздар және ұлдар арасында ұйымдастырылды. Ең жас ойыншыларымыз 5 және 7 жаста. Жарыстың жүлде қоры 600 мың тенге. Мұндай сайыстардың аймақтарда өткізілуі ауыл жастарына стимул беріп, жеңіске талпындырады. Алдағы уақытта жалғасын таба түсеріне сенеміз, — дейді тоғызқұмалақтан Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Кәмила Көпбаева.

Екі күнге жалғасқан тартысты ойынның нәтижесінде топ жарған жеңімпаздарды Түркістан облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

Аяулым ТАСТАНБЕК.

Жарыс жеңімпаздары:

12 жасқа дейінгі ұлдар: 1орын- Тұрғынбай И. (Сарыағаш ауд.); 2орын-Қадырбек Н. (Шымкент қ.); 3орын- Тілеуқыл Ж. (Түлкібас ауд.).

12 жасқа дейінгі қыздар: 1 орын-Жандосқызы Қ. (Түлкібас ауд.); 2орын- Кемал А. (Шардара ауд.); 3 орын- Рахматилла Б. (Түлкібас ауд.)

16 жасқа дейінгі ұлдар: 1орын- Қалыбек Б. (Шымкент қ.); 2орын -Тұтқабай А. (Түлкібас ауд.); 3 орын-Құрбантаев М. (ҰСТМ).

16 жасқа дейінгі қыздар: 1 орын -Налибек С.(ҰСТМ); 2 орын-Рахматилла А. (Түлкібас ауд.); 3орын- Ораз Р. (Отырар ауд.).

17 жастан жоғары ерлер: 1 орын- Жандарбек С. (ҰСТМ); 2орын-Акбар Ж. (Бәйдібек ауд.); 3орын-Аждурлиев Т. (Шардара).

17 жастан жоғары қыздар: 1орын -Каримова Л. (ҰСТМ); 2 орын-Байболат Г. (ҰСТМ); 3орын-Тұрғынбекова Г. (ҰСТМ).

Ең жас ойыншылар :

Тұрғынбай Әсия-5жас; Абдумалик Омар- 7жас.