ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: 4 МЕКТЕПКЕ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

Мектептер Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін иеленеді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы төрт мектепке Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Петропавлда былтыр ғана ашылған №25 жаңа мектеп Алашорда үкіметінің жетекшісі, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының, №9 орта мектеп Алашорда үкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының, №2 мектеп Солтүстік Қазақстан облысында туған мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының, Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі әйгілі палуан Қажымұқан Мұғайтпасұлының есімін иеленеді.

Оқу ордаларына Алаш арыстарының атын беру туралы мектеп басшылығы бастама көтерген. Қазір бұл ұсыныстарды республикалық ономастика орталығы қарастырып жатыр. Содан кейін Үкімет басшысы жарлыққа қол қоюы тиіс.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.