ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА: ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1995 жылдың 5 желтоқсанында алғашқы Сенат сайлауы, 9 желтоқсанда – Қазақстан халық бірлігі партиясы 67 орынның  24-іне ие болып, сенімді түрде жеңіске жеткен Мәжіліс сайлауы өткізілді. Демократиялық партия – 12 орын, Шаруалар одағы – 7, Кәсіподақ федерациясы – 5, Жастар одағы – 3, Инженерлік академия – 5, Компартия 2 орын алды. Қазақстан халық конгресіне, Халықтық-кооперативтік партияға, Кәсіпкерлер одағына, Қазақстанның қайта құру партиясы мен «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысына бір-бір орыннан тиді.

Сенат төрағалығына Ө.Байгелді сайланды, Мәжілісті М.Оспанов басқарды. Н.Назарбаев ол кезде қосымша заңды өкілеттікке ие Президент ретінде Парламентке заң бойынша өзіне тиесілі барлық заңдық билікті берді. Сол арқылы оған берілген ерекше өкілеттіктердің уақытша және мәжбүрліктен туындаған саяси шара екені дәлелденді. Қазақстанның үйлесімді ішкі саяси болашағының бірден-бір кепілі де дәл осы билік тармақтары арасындағы ойластырылған тепе-теңдікте жатыр.

1996 жылдың қаңтарында Парламент өз жұмысына кірісті.