ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТАРТУ: ШЫМКЕНТ ТӨРІНДЕ «СЕЛЬСКАЯ ЧЕСТЬ» ОПЕРАСЫ САХНАЛАНДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының опера және балет театры ұжымы әлемдік шығарма «Сельская честь» операсын көрермендерге тарту етті.

Дж.Вергидің новелласының оқиға желісімен жазылған П.Масканьидің әлемге әйгілі ең үздік және танымал шығармасын сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары қатысты.

Опера барысында шығарма кейіпкерлерінің арасындағы қарым-қатынастар мен шиеленістерді әуезді музыканың ырғағымен тамашалаған көрермендерге оқиғаның қанды кек алумен аяқталуы қатты әсер етті. Оқиға желісі бойынша онда жастардың махаббат үшін күресі, талас-тартысы, сатқындығы, егесі бар еді.

Қойылымда басты рөлді халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәскеу қаласынан келген Екатерина Головлева сомдап шықты. Қойылым режиссері – Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрлан Асанбаев, Дирижері – Теміржан Ержанов.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.