ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТУ ДӘРІПТЕЛДІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич,  NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен «Жастар арасында құқық қорғау органдарында қызмет етуді дәріптеу» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара «Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің және Индустриалды-техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен өтті.

Сондай-ақ іс-шара барысында қатысушылар арасында өзара пікір алмасып, жастарға толыққанды мәліметтер берілді. Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің құрылғанына биыл 20 жыл. Олар мемлекеттік, стратегиялық маңызы бар объектілердің, жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне жауапты. Құқық қорғау ісіндегі міндеттерді кәсіби түрде орындау, оқиғалар мен қылмысқа шұғыл түрде әрекет ету, зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету – полиция полкі қызметкерлерінің маңызды міндеті. Бүгінгі күні Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде 687 (алты жүз сексен жеті) полиция қызметкері мемлекеттік нысандардың тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алып, жолын кесу – полиция қызметкерлерінің күн сайынғы қажырлы еңбегі.

Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.