ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕНДІ СІЗДІҢ ТЕЛЕФОНЫҢЫЗДА

Шымкент қаласының кітапханалары оқырмандарға жаңа «Цифрлы Шымкент: Мобильді QR-кітапхана» жобасын ұсынды.

Енді Әбу Насыр Әл-Фараби мен жергілікті ақын-жазушылардың еңбектері, өлкетану әдебиеті әрқашан сіздің ұялы телефоныңызда қол жетімділікте болады. Ол үшін бар болғаны QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп, керекті кітапты жүктеп алсаңыз болғаны.

Жаңа жобаны таныстыру мақсатында іс-шара ұйымдастырушылары автобустар мен аялдамаларда насихаттау жұмыстарын жүргізді.Қазіргі танда мобильді кітапханада 60-тан астам еңбек қолжетімді. Кітап қоры ай сайын жаңа туындылармен толықтырылады.