ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: КІТАП СӨРЕЛЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА

«Цифрлық Шымкент: Мобильді QR — кітапхана» жобасы жалғасуда! 5-қараша күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының тағы бір мобильді тобы қаладағы Тәуке хан даңғылы М.Әуезов атындағы «ОҚУ», А.Байтұрсынов көшесіндегі «Гарант», «Н.Төреқұлов», «Студенттер қалашыгы» және Т.Рысқұловтағы «Гипер хаус», Нұрсәт м/а «Метро», «Әкімшілік» автобус аялдамаларында QR-кітапхана бойынша цифрлы кітап сөрелерін орналастыру шарасын өткізді.

Жаңалыққа жаны құмар жастар, жалпы қала тұрғындары бұл бастаманы жылы қабылдады. Сондай-ақ, өздері таңдаған кітаптарды жүктеп алып, арнайы викториналарға жауап беріп, кітапхана атынан естелік сыйлықтар алды.