ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР: ДІНИ АҚПАРАТТАРДЫ САРАЛАУ ЖӨНІНДЕ ӨРБІГЕН СҰХБАТ

Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Жастардың рухани және діни сауатты болуы – кезек күттірмес мәселелердің бірі.

Осы мақсатта Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында сыр-сұхбат сағаты ұйымдастырылды. Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Файзулла Тайтелиев және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері қатысты.

Аталмыш шара барысында дін саласындағы түрлі діни ағымдардың қаптап кетуі, кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарға ерекше әсер етіп, адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп ұдайы адастырумен келетіндігі жайлы айтылды.

Сондай-ақ, сала мамандары қазіргі уақытта в контакте, инстаграм, ютуб, телеграм және де уатсап желілеріндегі келетін діни ақпараттарды қолданған кезде арнайы мешіт имамдарының және теолог мамандарының көмегіне жүгінген дұрыс деп санайды.