ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ

Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беру арқылы тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Сондықтан уақытты еріктілікке жұмсау – уақытты текке өткізу емес, тұлғалық дамуға құйылған ең қымбат инвестиция екені сөзсіз.

«Ізгілік» еріктілер мектебінің ұйымдастыруымен, Қаратау ауданды Жастар ресурстық орталығында үкіметтік емес ұйымдар арасында еріктілікті дамыту, өзара тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында «Бір ауыз сөзбен» атты еріктілердің дидарласуы өтті.

Аталмыш шара барасында еріктілер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, бірге ынтымақтастықта жұмыс атқару керектігін, аталмыш шаралар санын көбейту керектігін атап айтылып, қазіргі қоғамда орын алып жатқан еріктілер мәселелері де қозғалды.

Еріктілік қазір жаңа ұғым ретінде қалыптасқанмен, бұл нәрсе қазақ қоғамында ертеден болған. Әлсізге қол ұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу, жетім мен жесірді жылатпау – қазақ қоғамының ажырамас бөлігі.