ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде ҚР еркін күрес құрамасы бір қола жүлде жеңіп алды.

Шымкент қаласының балуаны Асыл Айтақын 61 келі салмақта бақ сынап, қола медальға ие болды. Жерлесіміз жартылай финалда армениялық қарсыласына есе жіберген еді. Қола жүлдеге таласта венгриялық қарсыласынан басым түсті.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі