14 ЖАСАР ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҮШ ДҮРКІН ЧЕМПИОН

Отандасымыз Жібек Құлымбетова джиу-джиутсу сайысынан 44 келіге дейінгі салмақта күш сынаған. 14 жасар спортшы БАӘ, Ресей, Тайландтан келген қарсыластарының барлығын тізе бүктірді.
Бозкілемдегі кездесуде «тұншықтыру» тәсілін қолданған отандасымыз барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап отырған, — деп мәлімдейді sports.kz агенттігі.
Жібек 14 қарашада Біріккен Араб әмірлігінде өтетін «Abu-Dhabi World Jiu-Jitsu Championship-2021» турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Мәскеуде жоспарланған сайысқа да қатысуға ынтасы бар.

Жерлесіміз бұған дейін 2018, 2019 жылдары әлем чемпионы атанған.
Бұл жолы да 30-дан астам елден жиналған спортшылардың арасынан 14 жасар қазақ қызы суырылып шықты. Сондай-ақ бұл жарыста Жібектен өзге, тағы бірнеше спортшымыз жүлделі орынға ие болды. Олар — Нұрай Алтынбек — алтын (40 кг), Райымбек Ержан — қола (50 кг), Дарина Жұмаш — күміс (57 кг), Айнұр Байғожа — күміс (70 кг), Серікжан Мағаз — күміс (94 кг) медальға ие болып, ел намысын қорғады.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.