ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТІРЛІГІ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Таяуда Шымкент қалалық жастар басқармасына қарасты «SHANYRAQ» орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» атты іс-шара жоспары аясында жастар орталығының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара әрбір жанның ең маңызды бір бөлігі «отбасы құдылықтары» жайында болды. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алғандықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес.

Жалпы, «Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығы қаламыздың аз қамтылған 10 мыңнан астам отбасы мүшелеріне қолдау көрсеткен. Қызмет алушыларға 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі.

Мәселен, аз қамтылған отбасылармен мәселелері бойынша тікелей жұмыс, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс, медиациямен бірлескен жұмыс, өз кәсібін игеруге ықпал ету, балаларға психологиялық қолдау көрсету, жұмыспен қамтылуға жәрдем, денсаулық мәселелері және аналар мен балаларға арналған арнайы курстар.