ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰЛҒА: ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар орталығының ұйымдастыруымен Исатай Тайманұлы 230 жылдығына арналған «Шам» жас ақындарымен кездесу өтті.

Кездесуде жастарымыздың жүректен шыққан өлеңдерімен танысып Исатай Тайманұлының 230 жылдығына арналған өлең жолдарын оқып, өз ойларын ортаға салды.

Тәуелсіздік таңдайдағы тәтті ұғым десек, сол азат таңның атуы үшін талай баһадүрлеріміз ереуіл атқа ер салды. Сол күрескерлердің бірі һәм бірегейі — Исатай. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс Исатай батырдың 230 жылдығы да тойлануда.