ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰЛҒА: ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай сазды ән кеші өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық тойымен тұспа-тұс келген Жамбыл ақынның мерейтойы ел ішінің әр өңірінде тойлануда.

Іс-шараның мақсаты Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның таңдамалы туындылары халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін сыр шертіп оқырман назарына ұсыну. Жастарды Жамбылдың әндерін оқытып жігерлендіру.

Іс-шараға №4 Х. Досмухамедов атындағы мектептің жастары қатысып өз өнерлерін көрсетті. Сазды ән кеші Абай кітапханасында өтті.