ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ДӘРІПТЕЛДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі әнші Нұрдәулет Ниязбекпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: ұмытылып бара жатқан дәстүрлі әндерді дәріптеу. Студенттерді дәстүрлі ән өнерімен таныстыра отырып, әншінің шығармашылық еңбек жолдарын студент жастарымызға үлгі ету, дәстүрлі ән өнерін жастардың арасында насихаттау.

Кездесу өте әсерлі мағыналы өтті. Жастар әншінің өмірбаяны және шығармашылығымен танысып, көкейтесті сұрақтарын қойып, рухани азық алды.