ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН: «МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бекітілген «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралар жоспары аясында Шымкентте Абай ауданы жастар орталығы мен «Энергетика және байланыс» колледжі ұйымдастырған «Мамандығым мақтанышым» атты байқау өтті.

Байқаудың басты мақсаты — білім алушылардың бойындағы жауапкершілік, іскерлік және кәсіби қабілеттерін дамыту, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқау «Референт-хатшы» және «Мұрағатшы» топтарының студенттері арасында өткізілді. Студенттер өз мамандықтары жөнінде қызықты мәліметтер беріп, әрқайсысының маңыздылығына тоқталды. «Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі» дейді олар.

Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.