ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: «ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкенттің бас дәрігері, халық қалаулысы Мәдина Ермаханбетова тұл жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Медицина қызметкері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік таратты. Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілді.

Мадина Сейфуллақызы жайған мерекелік дастарханға үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары да шақырылды. Жалпы қайырымдылық шарасына 100-ге жуық бала қатысты. Оларға түрлі сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында балғындар театрландырған көрініс тамашалап, ән айтып, би биледі.

— Балаларға қамқорлық көрсетуді мақсат еткен акция аясында олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қоссақ деген ой болды,- дейді Мадина Ермағанбетова.

Айта кетейік, қалалық гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың бастамасымен «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастырылады.