ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН: АҚЫН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №135 жалпы орта білім беретін мектепте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауқымды іс-шара өткізілді. Мектеп оқушылары суырып салма ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуовпен кездесті.

Сырлы сұхбаттасу кеш барысында мұғалімдермен, оқушылармен әсерлі әңгіме жүргізген ақынға болашағынан зор үміт күттіретін жас ақын балалар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Ақын жырларымен, кітаптарымен жақынырақ танысты. Мектептің белсенді оқушылары ән-жырдан шашу шашты. Біржан Байтуов өз кезегінде қолына домбырасын алып, ыстық ықылас ретінде арнау айтты.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.