ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ — ТӘУЕЛСІЗДІК

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойған  Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 30  жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы . Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз.Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне отыз  жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр.
Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген . Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», – дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі.Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді.Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды.Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы  білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік.Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ.Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар Сондықтан ұстаз болу – жүректің батырлығы!«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», – деген екен қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев.                                                                                                                    

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жас жеткіншектің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты. Осы мақсатта барлық жұмыстардың нәтижесін үнемі бағалап, зерттеп, қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Әрбір жас ұрпаққа өз мемлекетіне, оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек деп білемін. Өткен мен бүгінгіні таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Білімнің іргетасының беріктігі – болашақтың мықты болуына негіз. Отанын сүю , ерлік рухын ояту- мұғалімінің басты парызы. Біздің міндетіміз айқын, алған бағытымыз дұрыс. Ендеше Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын!

Мухаметкалиева Толқын Маратқызы,
«BAL-DARIYA» бөбекжай балабақшасының
 меңгеруші-әдіскері.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.