УНИВЕРСИТЕТ ПЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ.

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Шымкент қаласы мамандандырылған мектеп директорлары арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Меморандумға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің академиялық ғылым департаментінің директоры, химия ғылымдарының докторы Назарбек Ұлжалғас және №1 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Аят Алжанова, №2 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Сапаргали Сауранбаев, «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының директоры Асылхан Усипбеков, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясының директоры Айнұр Сахова, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры Арман Орынбеков, №41 А.С.Макаренко атындағы мектеп-лицейінің директоры Айна Сарымсакова, №79 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Актолкын Жайлаубаева қатысты.

Меморандум мақсаты: ғылыми жобаларды дамыту, педагогикалық ғылымның жетістіктерін үгіттеу, педагогтарға ғылыми кеңес беруді ұйымдастыру, бірлесіп өңдеген білім беру бағдарламаларды жүзеге асыру. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен мамандандырылған мектептері бірлесе отырып, алдағы уақытта қажетті тақырыптарда семинарлар, тренингтер, сайыстар өткізілу жоспарлануда.