МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар таратылуда.

Мерекелік тарту қала әкімінің қолдауы бойынша демеушілер есебінен ұйымдастырылған. Жалпы, 6 439 ерекше балаға арналған сыйлықтар мен тәттілерді қаладағы 4 аудан әкімдіктерінің өкілдері үлестіруде.

Әл-Фараби ауданында сондай-ақ, көпбалалы отбасы балаларына арналған Жаңа жылдық шырша кеші де санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. «Оқушылар сарайында» 150 көпбалалы отбасы бүлдіршіндеріне сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік іс-шарада балалар арнайы дайындықтары мен өнерлерін тамашалатты. Сиқырлы кеште түрлі байқаулар мен концерттік бағдарлама бүлдіршіндерге ұмытылмас, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі