ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өткен онлайн-жиналыста ҚР Президентінің 11 қаңтарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын сақтау бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Қала әкімі әрбір берілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспары мен жүйелі индикаторлар әзірленіп, сапалы және барынша жылдам орындалу қажеттігін айтты.

Еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыру бағытында өңірде атқарылатын жұмыстар туралы басқарма басшылары баяндады. Алдымен экономика басқармасының басшысы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі қираған ғимараттар мен мүліктерді жедел қалпына келтіру, экономиканы әртараптандыру, халық табысын арттыру, инфляция деңгейін төмендету мәселесін қозғады.

Қала бюджетінің кіріс жоспарын арттыру, жекешелендіру жұмыстары туралы қаржы басқармасы айтса, кәсіпкерлік саласын өркендету, индустриалды-инновациялық, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері туралы Кәсіпкерлік және индустриалды, инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары баяндама оқыды.

Шымкентте ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға мүмкіндіктер бар екенін алға тартқан қала әкімі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар есебін тыңдады.

Сонымен бірге, жиында техникалық мамандықтарға басымдық беріп, инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіру, жұмыссыздық, азаматтық институттардың қызметін жүйелендіру, коронавирустың таралуына жол бермеу мәселесі сөз болды.

Шаһар басшысы жиынды қорытындылап, тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді:

✔️шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің ашық және барынша тиімді механизмін әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу,

✔️инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешенін әзірлеу,

✔️көктемгі дала жұмыстарына қажетті агрегаттармен, тұқыммен, тыңайтқышпен қамтамасыз етіп, егін егу науқаны қатаң бақылауға алу,

✔️субсидиялаудың қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету,

✔️азық-түлік тапшылығының мәселесін түбегейлі шешіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жұмыстарын жүргізу,

✔️білім беру ұйымдарындағы кадр тапшылығын жою,

✔️«Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастырып,
олардың одан әрі тұрақты жұмыспен қамтылуын бақылауға алу,

✔️коронавирус инфекциясының алдын алу, емдеу шараларын тиімді ұйымдастырып, жағдайды қатаң бақылауға алуды жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.