ШЕТЕЛГЕ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ТОҚТАУЫ МҮМКІН

Қазан айының 5-нен бастап Қазақстаннан басқа елдерге қатынайтын әуе рейстері тоқтап, Түркияға ұшатын рейстер саны қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет басшысына ұсыныс білдірді.

«Басқа мемлекеттерде жағдайдың ушығып тұрғанына байланысты, вирустың елде таралуына жол бермес үшін басқа елдермен қосымша әуе рейстерді уақытша тоқтатуды сұраймын. Сонымен қатар, әуе қатынасы қайта жанданған елдерге рейс санын арттырмай, Түркияға рейстерді қысқартқан дұрыс деп ойлаймын», – деді Цой.

Елімізде екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға арнайы талап қойылды. Олар:сауалнама толтыру, дене қызуын өлшеу және COVID-19 анықтайтын тест нәтижесі 3 күннен аспауы керек.

Азаматтарда тест анықтамасы болмаған жағдайда, олар карантиндік стационарға жатқызылады.

«Мұндай талаптар өткізу бекеттерінде ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен әуе өткелдерінде мемлекеттік шекараны кесіп өткендерге де қатысты. Сол себепті әкімдерге шекараны кесіп өту бекеттерінде карантиндік стационарлар мен тестілеуді ұйымдастыруды тапсыруды сұраймын», – деді ол.

Дерек көзі: https://dauletten.kz сайты.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.