ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ БЕС АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Қазақстанда өткен тәулікте 591 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Өткен тәулік ішінде еліміздің 600-ге жуық азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 5-і – Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 5254-ке (+5) жетсе, жазылып шыққандар саны 5152 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны 75-ке жеткен.
Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.